Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гастрольге жиі шығатын Аша сәбиін үйде тастап кететін болған

Аша Матай — өмірі өнермен өрілген жұлдызды жас ананың бірі. Әнші, шығармашылығының ақсаңдап қалмауы үшін, бала күтімін ата-енесінің мойнына жүктеген. Оның пікірінше, сәбиі мен жұмысты мүлде араластыруға болмайды.

20181290_1857911221197148_5376575069134782464_n

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

«Біз Арман екеуіміз гастрольдік сапарға жиі бірге шығамыз. Қызымызды өзімізбен бірге ешқашан алмаппыз. Ол бала ғой. Алыс жолда немесе жұмыста қызымды ертіп жүруім, ол үшін ауыр болады. Меніңше бұл дұрыс емес», – дейді Аша.

Ал, Аида Жантілеуова кереғар пікірде. Актриса «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» деген оймен еш келіспейді. Түсірім алаңында сәбиін өзімен ертіп жүрген ол, аптақ ыстықтан да қорықпайды.

«Бәрін көріп үйреніп өседі, және даланың ауасын, осындай ыстықты да желді де, бәрін көріп өскен бала. Өзіміз жаман үйретемізғой қалада ешқайда шығармай аурушаң қылып. Шарын шатқалына да қызыммен бардым», – дейді актриса Аида Жантілеуова.

Жіберіп алмаңыз:

Лидо алғаш рет “кәрі, семіз әрі тақыр басты” күйеуін көрсетті (фото)

Қыдырәлі Болманов шұлық өндірумен айналыса бастады (фото, видео)

Нағима Есқалиеваның ұлы өзін танымайтын жұртқа ренжіп жүр

Қайрат Нұртасты жұрттың көзінше сүйіп ала жаздаған жігіт кім? (видео)

Талқылау