Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғалып кеткен қазақстандық қос ғашық Қырғызстаннан табылды

Қазақстандық жасөспірімдер Ромео мен Джульетта Қырғызстанға қашып кетті. Екі апта бойы іздеуде тараздық екі жасөспірім көрші республикадан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

 17 жастағы Владимир Сергеев пен 15 жастағы Виктория Мазуренко ата-анасынан қашып кеткен. 

"Біз бұл жерге өз қалауымызбен Қазақстан қаласынан келдік. Себебі ата-анамыз біздің қарым-қатынасымызға қарсы болды", - деді жасөспірімдер.

Қазақстандық Ромео мен Джульетта лақап атына ие болған жасөспірімдерді жарты ай бойы қала мен облыстың барлық аумағынан іздестірді. 17 жастағы жасөспірім мен оның 16 жастағы сүйіктісі ата-аналарына үйден мәңгіге кетіп бара жатқанын айтып хат жазған.

Ақ шашты оқушы қыз шашын қара түске де бояған. Қырғызстандағы шекарадан еш қиындықсыз өтіпті.

Олар көрші республикада жас жігіттің тапқан ақшасына өмір сүрді. Жігіт темір сынықтарын өткізіп ақша алған. Қазір ғашықтар ата-аналарына табысталды. Жасөспірімдердің отбасы толыққанды деп саналады.

"Олар өздерін таппас үшін барлық шараларды қабылдады. Шашын қара түске бояп, сыртқы түрін өзгертті. Қабылдау пунктіне тапсырған кезде оларды көрші республиканың жерлес милициялары ұстады", - деді Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, жоғалып кеткен жасөспірімдер екі аптадан бері іздестірілді.

Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 08 Сәуір, 2021 07:28
Талқылау