Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гарвард пен Оксфорд университеттері қазақтың бүркітші қызын оқуға шақырды

Гарвард және Оксфорд университеттері Моңғолияда тұратын бүркітші қыз Айшолпан Нұрғаеваны оқуға шақырды, деп хабарлайды ARD сайты.

Қазір Айшолпан Баян-Өлгий аймағындағы орта мектепте 11 сыныпта оқиды. Жуырда  Азияның беделді «Asia Game Changer Awards 2017» марапатын жеңіп алды.

Жақында бүркітші қызды Моңғолия премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух қабылдады. Премьер министрлер кабинеті атынан мектеп оқушысын құттықтап, қыздың ата-анасына алғыс айтты.

«Бүркітші қыз» – тамаша фильм. Сіз әйелдерге тән ерлік, батылдық пен табандылықты танытып, халықаралық аренада Моңғолияның атын шығардыңыз», — деді Хурэлсух.

Айшолпан премьер-министрге дәрігер болуды армандайтынын айтты.

«Кинода ойнаған көңілді әрине, бірақ мен әлі де дәрігер болғым келеді», — деді бүркітші қыз.

Сондай-ақ, туған жері Моңғолияның дамуына өз үлесін қосқысы келетінін де айтты.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтардың ашуына тиген ресейлік блогер қылмыстық жазаға тартылады

Алматы облысында өзбек азаматын ұрлағандар ұсталды

Назарбаев әйгілі тракторшы Дөненбаеваның отбасына көңіл айтты

Алматыдан 632 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

Талқылау