Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Ұйықтамау арқылы күйзелістен арылуға болады

Ұйқыны азайту арқылы немесе мүлдем бас тарту арқылы күйзелістен арылуға болады. Бұған соңғы он жылдықта ғалымдардың жасаған жұмысы дәлел. Ұйқыны азайту туралы ғылыми жұмыстар сараптамасы The Journal of Clinical Psychiatry басылымында жарияланды.

Бессонница

Бұл туралы Lenta.ru-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Күйзелістен арылту мақсатында адамды ұйықтатпау тәжірибесі психиатриялық тәжірибеде 1966 жылдан бастап қолданыла бастады. Бір топ ғалымдар бұл тәсілдің қаншалықты әсер ететінін анықтауға бел буды. Нәтижесінде олар 40 жылдың ішінде жазылған 2000-ға жуық зерттеушінің жұмысынан 66-сын іріктеп алды.

Сонымен, ұйқыны азайту арқылы расында да күйзелістен арылуға болатыны расталды. Дәл осындай тәсілдің арқасында күйзеліске душар болғандардың 50%-ы айығып шыққан. Бұл жерде олардың қанша сағат ұйықтамай жүргені маңызды болмады. Себебі жазылып шыққандар арасында 36 сағатқа дейін көз ілмегендер де, 20-21 сағаттан кейін ұйықтап қалғандар да болған.

Ғалымдардың сөзінше, ұйықтамаған кезде қай механизмдердің күйзелістен арылтатынын анықтау үшін әлі де зерттеулер жүргізу қажет.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайлар тісжегіге қарсы екпе жасап шығарды

Америка азаматы Алматыға келіп жүрегіне операция жасатты

Елімізде туыстары рұқсат бермесе де, марқұмның ағзалары донорлыққа пайдаланылады

Әйелдің мінезін омырауының пішініне қарап таныңыз

Талқылау