Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар террористер мен кәдімгі адамның ақыл-ойының алшақтығын анықтады

Егер көптеген адамдар үшін кімнің қандай әрекет жасайтыны маңызды болса, ал террористерді тек нәтиже ғана қызықтырады екен. Nature Human Behavior ғалымдары осындай қорытындыға келген.

news1493102862

Зерттеушілер тобы теракті жасап бірнеше жүздеген адамның өліміне себепкер болып сотталған 66 террористпен жұмыс істеген. Зерттеуге қатысушыларға түрлі сценарий ұсынылады. Террористер оқиғаны 1-7 аралығындағы шкала бойынша бағалауы керек болады. 1 – жасалынбауы тиіс, кешірілмес нәрсе болса, 7 – абсолютті түрде мүмкін болатын нәрсе.

Ақырғы топта 66 адам мен терроризммен байланысы жоқ 13 адам өлтіруші қатысады. Сондай-ақ, зерттеушілер олардың IQ-деңгейін, агрессияға бейімділігін, эмоцияларды айыра білуін бағалайды. Тест нәтижесінде террористердің басқа адамдардың әрекеттерін жауапқа тартатынын, түпкі нәтижеге жұмыс істейтінін байқаған. Сонымен қатар, олар агрессияға қатты маңыз беріп, басқаның эмоциясын түсінуге келгенде тым төмен деңгей көрсеткен.

Жұмыстың авторлары алынған нәтижелер сот сараптамалары кезінде көмегін тигізеді деп үміттенеді. Мәселен, ол қауіп деңгейін анықтауға көмегін тигізуі мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Туа сала жүріп кеткен сәби көпшілікті таңғалдыруда (видео)

Таиландта монах автобуста порно көріп отырған жерінен ұсталып қалды (видео)

Көшеде тұрған америкалық азамат саксафонда Қазақстан әнұранын ойнады (видео)

Мұсылман ер адам шошқа етінен жасалған пицца бергені үшін мейрамханадан 100 млн доллар талап етті

Талқылау