Ғалымдар: Салмақтың аздығы жарыместікке душар етуі мүмкін
Салмақтың аздығы жарыместікке себеп болуы мүмкін. Бұл туралы арнайы зерттеу жүргізген Бостон медицина университетінің ғалымдары мәлімдеді. Зерттеу нәтижелері Journal of Alzheimer’s Disease басылымында жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Ғалымдардың пайымынша, дене массасының индексі төмен болған жағдайда, яғни оның бойы мен салмағы сәйкес келмесе, орта және егде жаста (50-60 жас) адамның жарыместіктен қашып құтылуы екіталай.
Зерттеушілеп ақыл-ес кемістігінің себебін іздеу мақсатында жаңа зерттеу жүргізген.
Нәтижесінде 50-60 жас аралығындағы салмағы аз адамдардан ақыл-естің кемдігі анықталған. Ал салмағы қалыпты нормаға сай келетін егде жастағы адамдарда бұл құбылыс кездеспеген.
Сондай-ақ, ғалымдардың айтуынша, ұйқы жеткіліксіздігі мен жесірлік адамды ақылсыздыққа душар етуі мүмкін.
Тағы оқыңыз:
Ғалымдар адам терісін принтерде басып шығаруды үйренді
«Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып келген азамат ауыл мектебінде жұмыс істеп жүр
Ұлттық теңгенің алғашқы дизайнын жасаған атақты сәулетші дүниеден озды
Қазақстандық қызды 15 жасында жар еткен күйеуі опасыздық жасап, 5 баласымен тастап кеткен