Басты жаңалықтар
Ғалымдар өрік дәнін жеу өте қауіпті болуы мүмкін екенін айтады
Кептірілген өрік дәні көптеген елдерде дастарқан сәнін келтіретіні рас. Алайда жуырда Британия ғалымдары оның құрамындағы құнарлы заттар мен дәрумендерге (атап айтсақ, B17 дәрумені) қызықпауға кеңес берді.
Сурет: ru.aliexpress.com
Сөйтсе, мәселе дәннің құрамында көп мөлшерде болатын улы зат цианидте екен. Соңғы кезде Британияда өріктің ұнтақталған дәндерінен жасалған тамақ қоспалары оңды-солды сатылуда. Ұнтақты өндірушілер оны обыр дертіне қарсы керемет шипа деп, барынша жарнамалап жатыр.
Бірақ, бұл қоспаның тиімділігі дәлелденген жоқ және оны тұрақты түрде қолдану денсаулыққа зор нұқсан келтіріп, тіпті адам өліп кетуі де мүмкін екен. Себебі цианид адамзат тарихындағы ең күшті улардың бірі болып табылады. Мысалы, егер адам өріктің 10-15 дәнін жесе, аяқ-қолдары ұйып, жансызданып қалады. Ал егер осындай отызға жуық дәнді жесе, онда адам тіл тартпастан бірден көз жұмуы мүмкін екен.
Жіберңп алмаңыз:
Талқылау

"Омыртқасы сынып, мүгедек болып қалды": Қытайда жүк тасушы компания қазақстандықтың биіктен құлауына себепкер болған
Гаухар бұл жағдайдан барынша көп адамның хабардар болғанын қалайды

Қазақстанда өсіп, Тәжікстанда төмендеп жатыр: ТМД елдерімен қосылған құн салығын салыстырып көрдік
ТМД елдері бойынша ең жоғары ҚҚС мөлшерлемесі - 20%, ал ең төменгі мөлшерлеме - 12%