Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар майдың зияны туралы мағлұматты теріске шығарды

Өсімдік майлары қандағы холестериннің төмендеуіне әсер етеді, алайда жүрек, қан тамырлары ауруларына ешқандай әсері болмайды. Бұл жайлы америкалық диетологтар мәлімдеді.

shutterstock

Дәрігерлер өсімдік майларын, оның ішінде жүгері, соя, зығыр күнбағыс майлары арқылы сараптама жүргізген.

Сараптама 1968-1973 жылдары Минессот штатында жүргізілген. Сараптама бойынша жануардың майын өсімдік майына ауыстырғанда адамның қан құрамындағы холестерині төмендеп, жүрек ауруларына ұшырап, тіпті ажал құшатыны қаншалықты шындыққа жанасатыны зерттелген. Зерттеуге 20-97 жас аралығындағы қарттар үйі мен психиатриялық ауруханадағы 9423 адам қатысты.

Диетологтар жануар майыннан өсімдік майына ауысқан адамдардың қан құрамындағы холестериннің төмендегенін анықтады, алайда, қышқылға бай өсімдік майларының жүрек және өзге де ауруларын тудыратыны анықталған жоқ.

Ғалымдар зерттеу нәтижесі бойынша бір майды қолданып жүрген адамдардың өзге майға ауысуына кеңес бермейді. Бірақ, толық анықталмаған диетологтардың мәліметіне сақтықпен қарауды ескертеді.

2009 жылы Америка ассоцияциясы төмен және жоғары калориялы, омега-6 майлы емес қышқылының жүрек қан тамырлары ауруларына пайдалы екенін мәлімдеген болатын.

 

Талқылау