Ғалымдар Иса пайғамбардың қабірін ашып зерттеу жүргізді (видео)
Жоспар бойынша, зерттеу нәтижесінде Иса пайғамбардың моласы бастапқыда қандай болғаны анықталады.
National Geographic журналы Иерусалим ғибадатханасындағы Иисус Христос моласының құлпытасын алу сәті түсірілген бейнежазбаны жариялады.
Журналдың мәліметінше, моланың бастапқыда қандай болғанын анықтау үшін 500 жылда алғаш рет Христос жерленген жердің құлпытасы алынды. 1555 жылы қойылған құлпытастың астында зерттеушілер көп мөлшерде тас материалын тапты.
Зерттеулер нәтижесінде Рим императоры Константиннің анасы Еленаның Христосты осы жерде жерленген деп санауының себептері айқындалады. Бұл ғибадатхана Иерусалимде IV ғасырда салынып, содан бері бірнеше рет жөнделген.
Талқылау