Ғалымдар ғарыштан “жат планеталықтардың” жарқылын байқады
Жақында ғарыштан табылған жұмбақ радио-жарқылдар әлі де толық құпиясын ашар емес. Астрономдар “жат планеталықтардың” жарқылын өздеріне түсіріп алған.
Сурет NASA
Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.
Ғалымдар осындай дыбыстар мен жарықтың галактикадан байқалатыны туралы 207 жылы да айтқан болатын. Олар оны Паркс телескопымен зерттеу жүргізіп жатқан сәтте кездейсоқ аңғарып қалған.
Кейінгі жылдары ғалымдар сондай жарқылдардың бірнешеуін таба алу мүмкіндігіне ие болды. Олар әзірге нақты себептері белгісіз өзге өркениет иелеріне тән болуы әбден мүмкін екен.
Шамамен бір аптадай уақыт бұрын ғалымдар сондай FRB-жарқылдардың түпкі негізі эллиптикалық галлактика екенін түсіндірді. Ол Құс жолынан 6 миллиард жарық жыл қашық жатыр. Осы себепті ғалымдар осыған ұқсас жарқылдар нейтронды жұлдыздардың және өзге жинақы нысандардың бірігуі нәтижесінде пайда болуы ықтимал деп топшылаған.
Макгилла (Канада) университетінің ғалымы Пауль Шольц пен оның әріптестері алғаш табылған жарқылдардың бірі – FRB 121102 Лаушы шоқжұлдыздары орналасқан нүктеде қайталанатынын анықтаған. Шольц 2015 жылдың қараша айында 300 метрлік Аресибо телескопы арқылы бір-бірінен аумайтын бірнеше жарқылды тапты.
Қазір ғалымдар өздерінен басқа өзге радиоастрономдармен және радиообсерваториялармен біріге жұмыс жасауға ниетті. Сонда ғана аспан төрінде елес берген жарқылдың құпиясы толыққанды ашылып қалуы бек мүмкін.