Ғалымдар: адам терісі барлық жара мен жарақатты "есінде сақтайды"
Ғалымдар терінің ерекше қасиетін ойлап тапты: дененің сыртқы жабын қабаты барлық жара мен жарақаттарды есінде сақтайды екен.
Рокфеллер университетінің ғалымдарының анықтауынша, бағаналық клеталар барлық жарақаттар туралы “есте сақтау блогын” қалыптастырады. Осының арқасында тері клеткалары келесі жолғы алған жарақаттарды тезірек жазып жіберуге көмектеседі.
Ғалымдардың айтуынша бағаналық клеткаларда өзінше “мәліметтер базасы” бар. Ол барлық жағымсыз жағдайларды есінде сақтап, адам организмінің дұрысталуына орай әсерлі әрекет ете алады. Тышқандарға жасалған тәжірибе бойынша, қайтара жарақаттанған дене бөлігі басқа жерлерге қарағанда екі есе жылдам жазылады екен.
Жарақат адам бойындағы белгілі бір гендердің белсенділігін арттырып, оларды мейлінше сезімтал етеді. Тағы да генетиктердің айтуынша, бағаналық клеткалардың “есте сақтау қабілеті” тері ауруларының дамуы кезінде де ерекше рөл ойнайды.