Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымжан Кенжебекке Түркия Суперлигасының бірнеше клубы көз тігіп отыр

Фото:Kff_team

“Елімай” футбол клубының 22 жастағы жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек қайтадан Еуропаға кетуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

AS басылымының мәліметіне сәйкес Ғалымжан Кенжебекке Түркия Суперлигасының бірнеше клубы назар аударуда.

Сонымен қатар басылым Қазақстан қазіргі футбол жүйесін сақтап, оны дамытуын жалғастырса, Орталық Азиядағы футбол державасына айналуы мүмкін екені жазған.

“Түркия клубтары қазақстандық жас таланттарға қызығушылық таныта бастады. Жас жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек Суперлигадағы екі команданың трансферлік тізіміне енген. Бұл – қазақстандық жаңа буын футболшыларының жоғары деңгейге дайын екенін көрсетеді”, – деп жазды AS басылымы.

Айта кетейік, Ғалымжан Кенжебек 2024 жылы Словакияның "Кошице" клубынан Семейдің "Елімайына" ауысқан еді. Осы маусымда футболшы ҚПЛ-да 11 матч өткізіп, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Естеріңізге салсақ, Ғалымжан жуырда Қазақстан сапында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Лихтенштейнге қарсы ойында 2 гол соғып, 1 нәтижелі паспен көзге түсті.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 29 Қазан, 2025 11:59
Талқылау