Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымжан Кенжебек Словакиядан оралып, "Елімаймен" келісімшартқа отырды

Елімайға ауыстыФото: KPL.KZ

Жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек Қазақстан Премьер-Лигасына қайта оралып, семейлік "Елімай" клубының жаңа ойыншысы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

22 жастағы футболшы маусымның қалған бөлігінде осы команда намысын қорғайды.

Кенжебек биылғы жылдың алғашқы жартысында Словакияның "Кошице" клубында өнер көрсетті. Ол бұл команда сапында 10 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі паспен көзге түсті.

Оған дейін қазақстандық ойыншы "Қайрат", "Жеңіс", "Мақтаарал" және Кипрдің "Акритас" клубтарында тәжірибе жинаған.

Орталық алаңдағы ойынды күшейту мақсатында жасалған бұл трансфер "Елімай" үшін маусымның шешуші кезеңінде маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Абылайхан Палмағанбет
Бейсенбі, 03 Шілде, 2025 19:18
Талқылау