Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар жылаған баланы тыныштандырудың әдісімен бөлісті

RIKEN институтындағы миды зерттеу орталығының жапон ғалымдары жылап жатқан баланы тыныштандырудың әмбебап әдісін ұсынды. Зерттеу Current Biology журналында жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мел сайтына сілтеме жасап.

нәрестеКөрнекі сурет

Жапон зерттеушілері жеті айға дейінгі 22 баланың ЭКГ және мінез-құлық реакцияларын зерттеді. Эксперимент барысында аналар төрт бұйрық сериясын орындауы керек еді:

"Көтеріп жүріңіз" — анасы баланы көтеріп ұстап жүрді;
"Отырып ұстаңыз" –  анасы баланы ұстап отырды;
"Төсек" – нәрестені орнына жатқызады;
"Төсекте қозғалту" — нәрестені төсек немесе арбаға салып, тербетеді.



Әрбір әрекетке  30 секундтан бес минутқа дейін уақыт кетті. Тыныштандырудың ең тиімді реттілігі – бес минут қолға алып, көтеріп жүру, содан кейін бес-сегіз минут баланы қолға алып отыру, содан кейін оны бесік немесе төсекке жатқызу. Ғалымдардың айтуынша, егер асығыстықпен ұйықтап жатқан нәрестені бірден төсегіне жатқызсаңыз, ол оянып, қайтадан жылайтынын атап өтті.

Талқылау