Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау қаласында үшем дүниеге келді

Атырауда 22 жастағы Аянгүл Сабитова есімді келіншек үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көрнекі сурет

Отбасы күні қарсаңында туған үшемдер – ер балалар. Екі сәбидің салмағы –  1 кг 800 г, ал үшіншісі – 2 кг 200 г.

“Ана да, балалар да өздерін жақсы сезінеді. Үшемдерді анасының жанына орналастырдық. Қазіргі таңда ауруханада дәрігердің бақылауында”, – деп мәлімдеді перинаталды орталықтың шала туған нәрестелерді күту бөлімінің меңгерушісі Турлен Бегеева .

Жас ана үшемді 34 ай мерзімінде кесар тілігі көмегімен босанған. Жедел отаны орталық директорының меңгерушісі, акушер-гинеколог Асқар Кенжеғалиев жасады.

Соңғы 8 айда Атырау облысында 11 мың 333 бала дүниеге келген. Оның 114-і егіздер.

Талқылау