Ғалымдар жасарып қайта тірілетін жануарды анықтады
Ғалымдар гребневик мнемиопсис медузасы түрінің ересек кезеңнен қайтадан дернәсіл сатысына оралу арқылы "жасару" қабілетіне ие екенін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Hightech.fm сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: myanapa.ru
Бұл медузаны өмірлік циклін өзгерте алатын жануарлардың қатарына қосады. Мысалы, "мәңгі жас медуза" Turritopsis dohrni де жетілгеннен кейін полиптен бөлініп, ересектерге айналады. Сөйтіп қайта жасара алады.
Бергена университетінің ғылыми қызметкері Джоан Сото-Энджел бұл зерттеу жануарлардың дамуы мен өмірлік циклдерінің икемі туралы жаңа мәліметтер ұсынатынын атап өтті. Сонымен қатар бұл зерттеу табиғатта осындай қабілеттердің қаншалықты кең таралғаны туралы сұрақтар туындатады.
Ғалымдар бұл ерекше жаңалықты кездейсоқ тапты: гребневиктер аквариумында ересек жануардың орнына дернәсіл табылды. Ересек гребневик медузасының дернәсілге айналу мүмкіндігін тексеру үшін зерттеу жетекшісі Павел Буркхардт тәжірибе жасады. Осылайша стресс факторлары, аштық пен физикалық жарақаттар әсерінен ересек гребневик мнемиопсис медузасы шынымен де қайтадан дернәсіл кезіндегі қалпына келген.
Зерттеушілер бұл құбылысты сирек кездесетін жағдай ретінде атады. Себебі жануар толықтай морфологиялық ерекшеліктерін және азықтану тәртібін өзгертіп, "уақытқа кері оралғандай" болады. Олардың пікірінше, гребневиктер қартаю және регенерация процестерін зерттеу үшін маңызды модель бола алады. Өйткені олар ежелгі организмдер және биологияның жаңа аспектілерін ашуға мүмкіндік береді.
Еске салайық, былтыр Гонконг университетінің ғалымдары Мэй По қорығынан табылған книдарлар класындағы улы қорапты медузаның жаңа кіші түрін тапқанын жаздық. Зерттеушілер оны табылған жердің құрметіне Tripedalia malipoensis деп атады. Бұл – Гонконг пен Қытайда табылған алғашқы қорапты медуза.