Ғалымдар теңіз деңгейінің апаттық жағдайға дейін көтерілуін болжады

Сингапурдың Наньян технологиялық университетінің ғалымдары бастаған бір топ халықаралық зерттеушілер осы жүз жылдықта теңіз деңгейінің көтерілуі әлдеқайда жоғары болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мұхит

Бұл туралы Climate and Atmospheric Science журналында жарияланыпты. 

Ғалымдардың пікірінше, бұл әсіресе арал және мұхит жағалауында тұратын елді аймақтардың тұрғындары үшін қатерлі болмақ. Зерттеушілер 106 климатолог сарапшылардың пікірін сарапқа салған. Тіпті, ауа температурасының екі градусқа жоғарылауы 2100 жылы теңіз деңгейінің 2 метрге дейін көтерілуне алып келмек. Осылайша бара-бара су деңгейі арта береді дейді мамандар. 

Сарапшылар Гренландия мен Антарктиданың мұз қалқаны климаттың өзгеруін көрсететін негізгі индикаторлар екенін айтады. Сөздерінше, бұл аймақтарда мұздың еру қарқыны теңіз деңгейінің өсуіне тікелей әсер ететін көрінеді. Десек те егер атмосфераға түсетін көмірқышқыл газының көлемі төмендесе, климаттың өзгеруі жылдамдығы да төмендейді екен. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр