Ғалымдар құмырсқалардың иіс арқылы қатерлі ісік клеткаларын анықтай алатынын айтты
Францияның Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығы, Париждегі Сорбонна университеті, Кюри институты және Inserm компаниясының бір топ ғалымдары құмырсқалардың адам бойындағы қатерлі ісік ауруын анықтай алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Эксперимент аясында мамандар 36 жәндікке бақылау жасады. Ғалымдардың айтуынша, Formica fusca түрінің құмырсқалары бірнеше минуттық жаттығудан кейін сау адам ағзасынан қатерлі ісік жасушаларын ажыратты. Мамандар әрбір жасуша сызығының құмырсқалар анықтайтын өзіндік иісі бар екенін түсіндірді.
Әдістің тиімділігін бағалау үшін қосымша тестілеу қажет. Дегенмен, ғалымдардың айтуынша, бұл нәтижелер құмырсқалардың қабілеті жоғары екенін білдіреді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан