Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар қанық ұйқының құпиясын ашты

Америкалық ғалымдар баланың ми белсенділігінің өзгеруінің сандық моделін жасады және алғаш рет ұйқы функциясы адамның жас ерекшелігіне қарай қалай өзгеретінін көрсетті. Зерттеу нәтижелері Science Advances журналында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұйқы

Жануарлар мен адамдарға стресс пен белсенділіктен туындаған мидың зақымдануын қалпына келтіру, сондай-ақ, нейрондық құрылымдарды қайта құру, оқуға ынтаны күшейту мен есте сақтау қабілетін қалыпта ұстау үшін ұйқы қажет екені белгілі. Алайда ұйқының бұл функциялары өмірдің әртүрлі кезеңдерінде қандай пропорцияда жүзеге асырылатыны осы уақытқа дейін түсініксіз болды.


Ұйқы кезіндегі ең қауіпті дене қалпы анықталды 


Лос-Анджелес қаласындағы Калифорния университетінің нейробиологтарының жетекшілігімен америкалық ғалымдар тобы жаңа туған нәрсетелер мен он бес жасқа дейінгі балалардың ми функциясы эволюциясының математикалық моделін жасады. Модель мидың метаболизм жылдамдығы, көлемі және ұйқы фазасында өткізілетін уақыт сияқты параметрлерді ескереді.

Зерттеушілер екі жарым жаста ұйқының негізгі функциясы: мидың инфрақұрылымын құрудан бастап оны қалпына келтіруге және зақымданудан күнделікті тазартуға дейін өзгеретінін анықтады. 

Шамамен екі жарым жастағы баланың ұйқысының негізгі функциясы өзгеретіні белгілі болды. Оянғаннан кейін ми құрылымы қайта қалыпқа келу фунциясын атқарады. Сонымен қатар қысқа ұйқы фазасы мен оның жалпы ұзақтығы қысқарады.

Жаңа туған нәрестелерде қысқа ұйқы 50 пайызды құраса, 10 жасқа қарай бұл көрсеткіш шамамен 25 пайызға дейін төмендейді және уақыт өткен сайын азая береді.

Ересектерде қанық ұйқы жалпы ұйқының шамамен 15 пайызын құрайды.

Сондай-ақ, мамандар ұйқы кезеңінде нәрестелерді оятпауға шақырды, өйткені бұл уақытта мидың қайта құрылуы жүзеге асады. 

Талқылау