Ғалымдар Google арқылы COVID-19-дың ошақтарын анықтай алатын болды

АҚШ-тағы Массачусетс ауруханасының зерттеушілері коронавирус ошақтары мен Google-дағы ізделетін сұранымдар арасында байланыс тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аурудың өршуіне дейін адамдар кейбір белгілер туралы ақпаратты көбірек іздейді, деп хабарлайды massachusets General Hospital сайтында жарияланған зерттеу.

Сонымен, ғалымдар "дәмнің жоғалуы", "тәбеттің жоғалуы" және "диарея" сөздері бар іздеу сұраулары АҚШ-тың бес штатындағы (Нью-Йорк, Нью-Джерси, Калифорния, Массачусетс және Иллинойс) коронавирусқа қатысты іздеулермен байланысты екенін байқады. Іздеулер мен жағдайлардың көбеюі арасында үш-төрт апта айырмашылық байқалды.


ДДҰ басшысы коронавирус пандемиясының аяқталу мерзімін атады 


Жұмыс авторлары алынған мәліметтер асқазан-ішек ауруы симптомдарының коронавирустық инфекцияның алғашқы хабаршы іспеттес, сондықтан маңызды екенін атап өтті.

Google-дағы сұратымдар мен індеттер арасындағы ең мықты байланыс Нью-Йорк, Нью-Джерси, Калифорния, Массачусетс және Иллинойс штаттарында табылды.

2009 жылы Google қызметкерлері тұмаудың таралуын бақылау үшін бірдей әдісті қолдана алатындығын көрсетті, дейді ғалымдар.

Джонс Хопкинс Университетінің хабарлауынша, 13 қыркүйекте әлемде коронавирус ауруының саны 28 764 183-ке жетті. 920 283 адам қайтыс болды, 19 441 711 адам сауықты. АҚШ коронавирустық инфекция саны бойынша (6 486 401) және өлім-жітім бойынша (193 705) алдыңғы ел болып отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр