Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар келешекте қартаюды бәсеңдетуге көмектесетін маңызды жаңалық ашты

Халықаралық зерттеушілер тобы болашақта қартаюды бәсеңдетуге көмектесетін маңызды жаңалық ашты. Ғалымдар дің жасушаларының тері жасушаларына айналу механизмін анықтап, терінің шағын сегменттерін қайта жасады. Бұл болашақта адамның қартаю процесін бәсеңдетуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Зерттеу Кембриджширдегі Сенгер институтында орналасқан "Адам жасушаларының атласы" кең бағдарламасы аясында жүргізілді.

Алынған нәтиже қартаю процестерін бәсеңдету үшін ғана емес, сонымен қатар теріні трансплантациялау мен тыртықтарды болдырмауға бағытталды. Жоба жетекшілерінің бірі, профессор Музлиф Ханиффа зерттеулер ғалымдарға ауруларды емдеуге ғана емес, сонымен қатар денсаулық пен жастықты сақтау әдістерін жасауға көмектесетінін атап өтті.

Зерттеушілер терінің пайда болу процесінде қандай гендер белсенді екенін анықтады. Олар тіпті ұрық тінінің тыртықсыз жазылатынын анықтады. Бұл ақпарат ересектерге де хирургиялық операциядан кейін осындай әсерді қайтару үшін көмектесуі мүмкін. Сондай-ақ иммун жасушаларының терідегі қан тамырларының пайда болуында маңызды рөл атқаратынын анықтады. Ғалымдар бұл процеске арналған гендік нұсқауларды көшіре алды.

Арнайы реактивтердің көмегімен зерттеушілер гендердің белсенділігін бақылай алды. Бұл оларға дің жасушаларынан жасанды теріні өсіруге мүмкіндік берді. Қазір дің жасушаларынан тек кішкентай сегмент алынды. Бірақ алынған теріде шаш болды. Бұл биомедицинада жаңа көкжиектер ашады. 



Профессор Ханифаның айтуынша, түпкі мақсат – технологияны жетілдіру.

"Адам терісін қалай жасау керек екенін біле отырып, біз оны күйік науқастарын емдеу және тіндерді трансплантациялау үшін пайдалана аламыз. Тағы бір мысал, егер шаш фолликулаларын жасауды үйренсек, таз адамдардың шашын тез өсіруге болады", — деді ол.

Зертханада жасап өсірілген теріні туа біткен тері ауруларын зерттеу және осы ауруларды емдеудің жаңа әдістерін сынау үшін де қолдануға болады. 

Адам туғаннан кейін эмбриондағы гендер белсенді болып органдар мен тіндердің дамуын қамтамасыз етеді. "Адам жасушаларының атласы" жобасында сегіз жылда 100 миллион жасуша талданды. Ми мен өкпенің үлгілері жасалды. Қазір бүйрек, бауыр және жүрек бойынша жұмыс істеліп жатыр.

Кембридж университетінің профессоры Сара Тейхман бұл адам физиологиясы мен анатомиясын қайта қарастыруға мүмкіндік беретінін жеткізді. Алдағы айларда дененің басқа бөліктерінің дамып, пайда болуы туралы "генетикалық нұсқаулар" жарияланады. Бұл оның құрылымы туралы толық түсінік береді.

Талқылау