Gakku арнасы қазақ эстрадасының ең үздік әншілеріне естелік сыйлықтарын табыстады
Мамырдың 18-і күні Астана қаласының төрінде қазақ эстрадасының ең үздік әншілері хит әндерін орындап, Gakku арнасы әзірлеген естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды
Gakku телеарнасы мен Астана қаласының әкімдігі бірігіп меломандарға тосын сый әзірледі. Олар 18 мамыр күні “Қазақстан” Орталық залында мерекелік кеш ұйымдастырды.
Тыңдармандар Gakku сайтында ұйымдастырылған музыкалық шеруге қатысып, өзінің сүйікті әншісіне дауыс берді. Телеканал басшысы Санжар Мұстафин ең бірінші кезекте жас әншілерге танымалдылық сыйлау мақсатында осы шараны ұйымдастырғандарын айтады.
Аталған кеште Әли Оқапов, Бейбіт Құшқалиев, Жанар Дұғалова, Серік Ибрагимов, Қайрат Баекенов, Аюми, Диас Аблаев, Қайрат Нұртас, Мөлдір Әуелбекова, Айқын Төлепберген, Бүркіт пен Айша, Лидо, Санда, Кәмшат Жолдыбаева, Мақпал Исабекова, Ерке Есмахан, Төреғали Төреләі сынды әншілер мен Аll Давай, Ninety One, The Jigits, Rin’Go топтары өнер көрсетті. Ал концертті жүргізу мәртебесі Тұрсынбек Қабатов пен Гүлнәр Силбаеваға және Еркебұлан Мырзабек пен Марат Оралғазинге бұйырды.
Кештің басты жаңалығы Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлінің татуласуы болды. Продюсерлері тағы да ренжісіп қалмасын деген ниетпен оларға екі бірдей мүсінше ұсынылды.
Мұнымен қатар, үлкен сахнаға енді ғана қадам басқан Renzo тобының тұсауы кесілді.
Мақпал, Қайрат, Төреғали, Марат, Еркебұлан және мен) Астана! Гакку дауысы!
Видео опубликовано Aikyn Tolepbergen (@aikyn)
Бугин Астана каласында, Гакку арнасынын жанды дауыстагы кешинен.
Видео опубликовано Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)
Кеште Жанар Дұғалова мен “Ninety one” тобы бірігіп “Айта берсін” әнін орындаған. Бұдан өзге шараның бас ұйымдастырушысы Санжар Мұстафин тағы да бір қазақстандық арнаның ашылатындығын хабарлаған.
Оқи отырыңыз:
Әуелбекова концертке той көйлегін киіп келгені үшін сыналды (видео)
Қабатов татуласқан Ерке мен Төреғалидің продюсерлерін әжуалады (видео)