Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғаділбек Жанай ұлды болды

Әнші Ғаділбек Жанай ұлды болды. Жұбайын көпшіліктен жасырып ұстайтын әнші әке атанды. 

Ғаділбек Жанай өзге әншілер секілді емес, келіншегін жұрт көзінен тасада ұстайды. Тіпті жарының ел алдында сұхбат беруіне де қарсы. Әнші отбасы жайлы көп сыр айта бергісі келмейді. 

Күні кеше Ғаділбек ұлды болды. Бұл жаңалықты тележүргізуші Анна Данчено хабарлады. 

"Сүйінші, Ғаділбек Жанай ұлды болды. Кішкентай балапанның бауы берік болсын! Карантин бітсін, бұйырса, билеп-билеп құттықтап шығамыз!", - деп жазды Анна желідегі парақшасында. 


"Сауапты іске атсалыссақ": Ғаділбек Жанай концерттен түскен қаржысын медресе салуға жұмсады


Бұған әнші алғысын айтып, жұғысты болсын деп тіледі. 

"Баршаңызға жұғысты болсын", - деп жазды әнші. 

Алайда Ғаділбек өз парақшасына бұл туралы хабарлаған жоқ, келіншегі Ақмаржанның да, кішкентайының суретін жария етпеді. Естеріңізге сала кетейік, Ғаділбек осымен төртінші рет әке атанып отыр. Оның Қарақат, Алдияр, Муслима есімді балалары бар.

Ал, желідегі тыңдармандары құтты болсын айтып, бауы берік болсын десіп жатыр.

"Жаңайдың ұлдары көбейе берсін бауы берік болсын", "Алла өмірімен берген болсын! Қайырлы перзент болсын!", "Бауы берік болсын. Ата -Анасына қолқанат болсын", "Саналы ұл болсын, елдің азаматы болсын", деп жазды.

Біз де өз тарапымыздан балапанның бауы берік болсын деп құттықтау жолдаймыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр