Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова өзі бақытсыз бола тұра қыз ұзататын әншілерді сынады

Қазақ әр қуанышын дүркіретіп тойлайды. «Той нарығына» сәйкес бүгінгі заман – той әндерін айтатын әншілердің заманына айналды. Әсіресе, қыз ұзату тойында сыңсу орындайтын әншілерге сұраныс көп.

17126764_771380423015121_6469588265363046400_n

Қазір қызды ұзатып, бағын жағатын арулар көп. Кезінде олардың көшін Гаухар Әлімбекова бастаған еді. Бүгінде оның қатарына Жазира Байырбекова, Салтанат Бақаева, Мәдина Сәдуақасова мен Қарақат Әбілдиналар қосылған. Гүлнұр Оразымбетова мен Зарина Омарова да жақында ұзату әнін шығарамыз дейді.

Дегенмен қызды танымал әншінің ұзатқаны қаншалықты дұрыс? Әрі ырымымызға сай ма? Бұған танымалдардың өздері «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасында жауап берді.

«Қазақта ырым бар. Айырылысып кетпеген, жолдасы қайтпаған, соның жолын қайталайды деп жатады… Дұрыстау, бақытты отбасынан шыққан жеңгелеріне ұстатып жатады екі шетінен», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Оның пікіріне әнші Гүлмира Ақүрпекова да қосылды.

«Әнші әнін айтып тұрсын. Ал қызды екі жеңгесі екі жағынан ұстап шығарсын. Жеңгесі болғанда да өсіп-өнген, үбірлі-шүбірлі болған… Бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүрімізде қызды жеңгелері ұзатады», – дейді ол.

Гүлнұр Оразымбетова да осы пікірде:

«Негізі күйеуге шығып, бала сүйген адамның ұзатқаны дұрыс».

Ал Шахизада өнердегі әріптестерімен келіспейді. Екі рет тұрмыста болып, ажырасқан ол талай қызды ұясынан ұшырғанын айтады.

«Әншілер ұзатады. Атақты әншілер және хит әні барлар ұзатады. Ол енді кәдімгідей сәнге айналды.

Мен талай қыздарды ұзаттым. Ол менің өнерімді бағалайтын, әнімді ұнатып, сыйлап, шақырған кезде барып, ұзатып бердім. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын», – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Димаштың костюмін аукционда 7 миллионға сатып алған адам оны әншіге қайтарып берді

Айқын өзін тоқал алды дегендердің сөзін жоққа шығару үшін барын салып жатыр (фото)

Рэп оқыған Әли Оқапов желіні “жарды” (видео)

Салтанат Қалиева: Біз еркек сияқты болып кеткендіктен, олар әйел сияқты болып барады

 

Талқылау