Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Қалиева: Біз еркек сияқты болып кеткендіктен, олар әйел сияқты болып барады

Танымал тележүргізуші Салтанат Қалиева жақындарын халықаралық отбасы күнімен құттықтап, бала күнгі естелігімен бөлісті. Ол әкесі келмейінше, анасының тамақ бермейтінін, осындай “тәсіл” арқылы әкесіне деген құрметті қалыптастырғанын айтып берді.

18512651_1695018870509042_4819550963696140288_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Отбасыдағы әйел мен ердің рөлін сөз еткен тележүргізуші қазіргі заманда әйелдің ер, ал ерлердің әйел сияқты болып бара жатқанын айтты.

“Бала күнімде қолымда манты не тұшпара ұстап ұйықтап қалатын едім. Дәмдісі дәмді ғой, бірақ ұйқы шыдатпайтын. Анам кінәлі дауыспен құлағыма: «Сары балапаным, тұршы, әкең келді, тұра қойшы», – деп сыбырлайтын. Бірақ менің әлім болмайтын. Ал оған себеп «әкесіз тамақтануға болмайды» деген анамның қатаң талабы. «Әкең келсін» деген тіркес тек маған таныс емес шығар.

Бүгін кешкі асқа бесбармақ дайындадым, сондай күшті, дәмі тұра тіл үйірер, ата-анам алып келген сүр еттен. Дәмді. Алайда мен анам сияқты «қатал» емеспін. Балаларымды әкелері келмейінше тамақтандырып қойдым. Себебі олар 9.00-де ұйықтауы керек және одан басқа да өзіміз ойдан шығарған заманауи ережелер бар. Ойдан шығарылған…

Ананың «Әкең келсін!» деген сөзінде қандай терең мән-мағына жатыр. Ол баланы әкесін құрметтеуге, ал әкені отбасына қатысты жауапкершілікті бола түсуге тәрбиелейді. Мұнымен не айтқым келіп отыр? Өзімнің тұрмыстағы қызыма не айтамын? Сабырлы болу қажет. Әйелдер төзімді бола білсе деймін. Отбасы “жұрттың байы сияқты” өйтпеді-бүйтпеді» болғаны үшін құрдымға кетпеуі керек. Әркімге өзінікі. Аяғында бәрі болады екен. Реті келеді. Дөп басып айта алам, шыным. Тек шыдамдылық таныту қажет екен.

Ықылым заманнан олар бізге тіреу болып келеді. Тек біз олар (ерлер) сияқты болып кеткендіктен, олар біз сияқты болып барады. Бұл менің ойым”, – деп жазды Салтанат Қалиева.

Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Жүнісова өзі ұқсап ән салатын тотықұсын көрсетіп мақтанды (видео)

Қарақат Әбілдина бесінші баласын өмірге әкелді

Ер адаммен бірге жаттығу жасаған Кәмшат Жолдыбаева желіні шулатты (видео)

Кинода Қайрат өмірдегі жұбына қалай қол жеткізгенін көрсетпек

Жігер Ауыпбаев өзі туралы жалған ақпарат таратқан адаммен жаға ұстасып қалды

 

Талқылау