Гүлзира Айдарбекова келінімен бірге қыз ұзатты (видео)
Жұлдыз Әбдікәрімова нағыз “жұлдызға” айналды! Күні кеше Қайраттың келіншегі күйеуімен және ата-енесімен бірге тойға барып, алғаш рет жасырынбай, ел алдында жүрді. Тіпті, қыз ұзату мәртебесі Жұлдыз бен оның продюсер-енесіне бұйырған, деп жазады Stan.kz.
Гүлзира Үсенқызының ән айтып тұрған видеосы желідегі парақшалардың бірінде пайда болды.
Өз кезегінде желі оқырмандары аталған видеоға түрлі жағымсыз пікірлерін білдірген. Олардың бір тобы Гүлзира Үсенқызын ән айтқаны үшін сынаса, ендігілері жақтап жатты.
“Бұл жерде ұзатылып жатқан қыздың ата-анасы ырымдаған болар, Гүлзирадай әулеттің келіні болып, өмірде жан-жақты болсын, жолын берсін деп, кез келген нәрсенің жақсы жағын іздейікші”, – деп пікір білдірді желідегілердің бірі.
Жіберіп алмаңыз:
Жұлдыз Әбдікәрімова желіден алғашқы ресми парақшасын ашты (фото, видео)
Қайраттың әкесі: Мен келінімді төбеме көтердім, өз балаларымды да олай ұстаған емеспін
Қайрат Нұртас: Жұлдызды көрсеткен соң, елдің бәрі әйелдерін көрсете бастады (фото)
Аша Матай: Қайрат пен Жұлдыздың бір-біріне деген махаббаты ыстық екен