Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы желіде өзін Қайраттың келіншегімін деп жүрген қыздың кім екенін айтты

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова  желідегі өзін Қайраттың келіншегімін деп жүрген қыз туралы ойымен бөлісті.

гулзираайдарбекова

Соңғы бір айдың көлемінде Инстаграм желісінде Жұлдыз Абдукаримова есімімен тіркелген бойжеткен өз суреттерін жүктей бастады. Ол әнші Қайрат Нұртас пен оның ата-анасын, туған-туыстары және іссапарлары жайлы жиі жазып тұрады. Санаулы уақыттың ішінде өз парақшасына 30 мыңға жақын оқырман жинап үлгерді.

Жұрт Инстаграмдағы парақшаға түрлі пікірлерін жазып, тіпті продюсерді келінін үй қамақта ұстайтын “қатыгез ене”деп те айыптаған еді.

Ал Инстаграм желісіндегі “келін” жұртты сендіру үшін түрлі айла-тәсілдер қолданып бағуда. Себебі жұрт одан тікелей эфирге шығуын талай мәрте сұраған болатын. Жауабы:”Қалыңдық” фильмі шыққаннан кейін менің қазіргі бейнемді көретін боласыздар. Қазірге ескі суреттерімізді тамашалаңыздар”

Осыған байланысты Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбековадан өзін Қайраттың келіншегімін деп таныстырған бойжеткен жайлы сұраған болатынбыз.

“Мен ол парақшаны көрдім. Жүргізіп отырған адамның  кім екенін де білмейміз. Қазір түсірілім шаруаларынан, басқа да жұмыстардан мүлде қолым босамай жүр. Уақыты келгенде арыз-шағым түсіру де ойымызда бар”,-дейді әншінің анасы.

Алдағы уақытта Қайрат Нұртастың келіншегімін деген желі қолданушысы жауапқа тартылуы да әбден мүмкін.

Естеріңізде болса желідегі парақшада  Қайрат Нұртасқа қатысты барлық жаңалық өз уақытында шығып тұрады. Одан қалса әншіге айтылған сындарға жауап жазылған кездер де болды.

 

Жіберіп алмаңыз:

Қайраттың костюмін алған тыңдарман оны сатып, көлік алған

Төреғали сал ауруына шалдыққан 6 жасар бүлдіршіннің арманын орындады

Жазира Байырбекова: Қайратты бір-ақ күнде жер қыла салғаны несі?

Гүлзира Айдарбекова Бибігүл Төлегенованың сынына жауап берді

Талқылау