Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова “Қайрат фонограммамен айтады” деп сынайтындарға жауап берді

Бибігүл Төлегенова Қайратты – жерге, ал Димашты көкке теңегеннен кейін Гүлзира Айдарбекова сайтымызға берген сұхбатында бұлбұл әншіге еш ренжімейтінін, әншінің бағасын халық беретінін айтқан еді.

18722224_128865401015540_6889626429005234176_n

Арада 10 күнге жуық уақыт өтсе де ел арасында бұл әңгімеге тоқтау салынған жоқ. Көпшілік әлі де Қайрат пен Димашты қатар қойып, кім мықтыны анықтап, таласып жатыр.

Бұл ретте Гүлзира Айдарбекова Бибігүл Төлегенованы әлі де жақсы көретінін, оған еш ренжімейтінін “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

“Енді ол кісі қария апай ғой. Бала кезімізден тыңдап өстік. Қайрат та өзінің анасындай көріп, үлкен концерттерінде суреттерін қойып… Қанша дегенмен, біз оны жоғары бағаладық.

Бибігүл апамыз Қайрат жаман десе, мүмкін Қайрат жаман шығар. Бірақ оның бағасын халық береді.

Қайрат жалғыз емес деп ойлаймын. Сондықтан да біз қорықпаймыз. Айтып жатса, оның бәрін сын деп есептейік. Бибігүл апамызға ұнамаса амалымыз жоқ қой. Бірақ ұнамады екен деп ол кісіні… бәрібір де ол кісіні жақсы көреміз. Өйткені ел анасы деп құрметтедік, өкпеміз жоқ”, – деді Қайраттың анасы.

Бұдан өзге, продюсер-ана, “Қайрат Нұртастың даусы жоқ, ол тек фонограммамен айтады” деп сынаушыларға жауап берді.

“Халық шығармаса, мен оны қанша жерден ақшамен орап тастайын, даусына өтірік дауыс қойып қояйын, жұрт айтқандай фонограммамен айтады деп жатыр ғой, микрофонға өтірік дауысты салып қояйын, бірақ ол ондай болмайды ғой.

Фонограмма болатын болса, түк даусы жоқ болса, ол 1-2 жыл жүруі мүмкін. 4-5 әні хит болуы мүмкін. Ал енді Қайраттың қанша жүздеген әні, жылына жоқ дегенде 4-5 әні хит болып, осынша халықтың қалаулысы болуы, халық не соқыр не керең емес шығар деп ойлаймын. Біреулер үшін жаман болса жаман шығар, адам болғаннан кейін бәріне ұнай бермейді”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Анасы Қайраттың біреуден асуым керек деп опера айтып кетпейтінін мәлімдеді.

“Менің балам біреуден асуым керек екен деп опера айтады деп айта алмаймын. Сондықтан эстрада әншісі болса, Қайрат қандай, тура солай қабылдаңыздар”, – деді Гүлзира Үсенқызы ағынан жарылып.

Жіберіп алмаңыз:

Жаңа бейнебаян: Қайрат Нұртас сүйіктісінің көзіне шөп салды (видео)

Құралай Нұрқаділова өзінің отбасылы сүйіктісіне қатысты айыптауларға жауап берді

Қайрат Нұртас Ресейде “Муз-ТВ” жүлдесін табыстау салтанатына қатысты (видео)

Футболдан ӘЧ-2017: Қазақстан әртістері Сербия құрамасын жеңіп, финалға шықты (видео)

Талқылау