Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова “Арман” фильмінің жалғасын түсірмек

Жуырда отандық киноиндустрия тағы бір актрисамен толыққан болатын. Ол Қайрат Нұртастың жұбайы – Жұлдыз! Аздаған мерзім ішінде көрермен көзайыма айналған Әбдікәрімова, алдағы уақытта тағы бір картинада бой көрсетпек.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Иә, осыдан 10 күн бұрын жұрт назарына шыққан Жұлдыздың актрисалық  мансабын шыңдауды енесі естен шығарған емес. Халықтың ыстық ықыласына бөленген келінін кино әлемінде тағы бір мәрте сынап көрмек. Бүгінде пысық продюсер «Арман» картинасының жалғасын таспалауды жоспарлап жүргенін жеткізді.

“Осы кино біткеннен кейін ақылдасып, Жұлдыздың өзінің ойына қарап көреміз. Екінші киноны түсіретін болсам, бұл кинодан да мықтырақ болуы керек. Мықтырақ болмаса түсірудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Сондықтан, жұрттың сұрауымен кішкене ойланып жүрген жайым бар”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Тіпті, Жұлдыздың талантына тәнті болған өзге режиссерлар Қайраттың жұбайын, өз жобаларынан көргісі келетіндерін де жасырмапты. Алайда, Айдарбекова біраз уақыт келінін көпшілік көзінен тасада ұстамақ.

“Жұлдызды көптеген кинолар сұрап жатыр. Бірақ, қазір ойланып тұрмыз. Өзіміз түсірсек бе екен, жалғасын түсірсек пе екен деп. Бүкіл ауыртпалықты бірден салуға болмайды. Өйткені, балалар бар. Ана ғой ол. Ер азамат басқаша болады. Әйелдерге тез көз тигіш, сөз тигіш. Сол отбасына қорған болып ұстап тұрса екен”, – дейді Қайраттың анасы.

«Арман» картинасының Алматыдағы жабық көрсетілімінен кейін, Гүлзира ханым келінінің әлеуметттік желідегі ресми парақшасын дүйім жұртқа таныстырған еді. Бүгінде танымалдылығы күн санап артып келе жатқан Әбдікәрімоваға, 249 мыңнан астам оқырман тіркеліп үлгеріпті. Алайда, Жұлдыздың инстаны парақтауға уақыты тапшы. Өйткені, үй шаруасында өзіне жүктелген жұмыстары жетерлік.

“Бала-шағаның бірі гимнастикаға барады. Біз жан-жақты өнерлі болсын деп, ол солардың да жұмысымен айналысып жатыр. Оның үстіне мен көп болмаймын. Жаңағы екі қайнысына өзі жоғарыдан қарап. Ақыл-кеңесін беріп, бәріне команда жасап отырады”, – дейді Айдарбекова.

Жіберіп алмаңыз:

Төреғалидың енесі қызының бес тіл білетінін айтып мақтанды

Ернар Айдар жол апатынан кейінгі жағдайын айтып, көзіне жас алды

Дәурен Айдарқұлов Ақботаны туған күнімен ерекше құттықтады

Америкалық бойжеткен вирусты «Қайда?» әнін акцентсіз орындап шықты (видео)

Талқылау