Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Қазақстан құрамасы футзалдан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы әлем чемпионатының топтың кезеңі аясында Ливияға қарсы ойнап, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан командасы сапынан Ақжол Дәрібай (15-минутта), Біржан Оразов (17), Жахангир Рашит (18) және Альберт Ақбалықов (35) көзге түссе, Ливия құрамынан 17-минутта Мохамед Хамис гол соқты. Осылайша, алғашқы ойында тең ойнаған Қазақстан құрамасы D тобында 4 ұпаймен көш бастады. Енді қазақстандық футзалшылар 21 қыркүйекте Жаңа Зеландия командасымен кездеседі.
Айта кетейік, әр топта үшінші орын алған құрамалар арасында үздік атанған 4 команда да плей-офф кезеңіне шығады. Ташкентегі әлем чемпионаты 6 қазанға дейін жалғасады
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

