Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының EУРО-2027 іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

Швейцарияның Ньон қаласында футболдан жастар арасындағы ЕУРО-2027 жарысының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: kff.kz

5-себетте орналасқан Қазақстан U-21 құрамасы “D” тобына түсті. Біздің команданың қарсыластары: Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра ұлттық құрамалары.

Жастар құрамасы топтағы алғашқы екі ойынды өз алаңында өткізеді. 5 наурызда топтың аутсайдері Андорраға қарсы ойнаса, 8  қыркүйекте Англиямен жолығады.

Күзде қайта жалғасатын жарыста Қазақстан U-21 жігіттері қонақта өнер көрсетеді. Андоррамен 9 қазанда қайта кездессе, Словакиямен 13 қарашада ойнайды. 2025 жылдың соңғы матчы Молдоваға қарсы болады.

Ал 2026 жылы ойындар кестесі төмендегідей:

3 наурыз 2026 жыл. Қазақстан – Словакия.

31 наурыз 2026 жыл. Қазақстан – Ирландия.

9 қыркүйек 2026 жыл. Англия – Қазақстан.

29 қыркүйек 2026 жыл. Ирландия – Қазақстан.

6 қазан 2026 жыл. Молдова – Қазақстан.

Бұған дейін, ЕУРО-2027 турнирдің жеребе тарту рәсімі жайлы айтқан болатынбыз.

Талқылау