Футболдан Қазақстан құрамасының баспасөз қызметінде ауыс-түйіс: Ермұхаммед Мәулен қызметінен кетті
Фото: instagram.com / e.maulen
Қазақстан ұлттық футбол құрамасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ермұхаммед Мәулен бұл қызметтен кеткенін хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қазақстан құрамасының баспасөз қызметінен өз еркіммен кету туралы шешім қабылдадым. Бұл жұмысты жалғастырудың енді мағынасы жоқ деп ойлаймын. Өз-өзіңді іштей жеп, жүйкеңе зиян келтіруді доғару керек. Кей сәттерде айтуға тиіс болған ойларымды ашық жеткізе алмаған кездерім көп болды. Енді өз пікірімді жасырмай, анық әрі нақты жеткізгім келеді. Қазақстан құрамасының жанкүйері болып қала беретініме күмән жоқ. Менсіз де футбол өмір сүруін жалғастыра береді. Әрі қарай өздеріңіз...", — деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Ермұхаммед Мәулен 2025 жылдың 16 ақпанында Қазақстан құрамасының баспасөз хатшысы болып қайта тағайындалған еді. Ол бұл қызметте 4 жылдан аса қызмет атқарды. Спорт журналисті ұлттық құрама сапында Талғат Байсуфинов, Магомед Әдиев, Станислав Черчесов және Әли Әлиев сынды бас бапкерлермен жұмыс жасады.

"Аузымыз ашылып қалды": Қазақстандық компания өзінің 110 қызметкеріне Вьетнамға жолдама сыйлап, көпшілікті тәнті етті
