Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы екінші матчында жеңіліп қалды
Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында сырт алаңда Словения құрамасына қарсы ойнап, жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚФФ
Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясындағы екінші матчында жеңіліске ұшырады. B лигасының 3-тобындағы Қазақстан құрамасы Словенияның Люблянадағы “Стожице" стадионындакездесіп, 0:3 есебімен ұтылып қалды. Словения құрамасындағы үш голды да Беньямин Шешко салды. Енді Қазақстан құрамасы келесі ойынын 10 қазанда сырт алаңда Аустрияға қарсы өткізеді. Ал Словенияға қарсы қарымта матч 13 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда болады деп жоспарланған.
Айта кетейік, Қазақстан командасы Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойынын 6 қыркүйекте өз алаңында Норвегияға қарсы өткізген еді. Бұл матчта екі команда 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын.
Талқылау

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
Екатерина Жанғарина: "Екі үлкен шәугім сүті бар шай беріп, "құя бер" деді"

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
Балаға психологиялық әрі физикалық қауіп төнеді