Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан әлем чемпионатында Иран ойыншылары ел әнұранын шырқамады

21 қарашада Иран құрамасының футболшылары әлем чемпионатында матч алдында айтылатын әнұранын шырқамады. Осылайша олар Иранда наразылыққа шыққандарды қолдады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап. 

dw.com

Ойын алдындағы баспасөз конференциясында команда капитаны Әлиреза Жаханбахш бұл акцияны ойыншылар бірауыздан келісіп жасады дейді. Англияға қарсы өткен матча ирандықтар әнұранды шырқамай, үнсіз ғана тұрды. 

Сондай-ақ сол матчқа барғандар арасынан наразылықты қолдағандарды да байқауға болады. Ақ орамал таққан жанкүйер ойыншыларға жылап тұрып қолдау көрсетсе, өзге екі жанкүйер “Әйелдер, өмір, еркіндік” деген плакат ұстап тұрды. 

Иранда екі айдан бері билікке қарсы наразылықтар өтіп жатыр. Оған “орамалын дұрыс тақпаған” 22 жастағы Махса Әминаның полицияда көз жұмғаны түрткі болды. Куәгерлердің сөзінше, полицейлер қызды ұрып-соққан, кейін тұтқын комаға түсіп, есін жимай қайтыс болып кетті. 

Иран билігі бұл наразылықты басып-жаншып жатыр. Iran Human Rights құқық қорғаушы ұйымының дерегіне сенсек, кейінгі екі айда 378 адам қаза тапты. Оның 47-і – балалар. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 22 Қараша, 2022 08:23
Талқылау