Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан әлем чемпионаты: Алаң иелері алғашқы ойында есе жіберді

Футболдан әлем чемпионатының алғашқы күнінде Катар Эквадорға есе жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Катар

Мачт 0:2 есебімен аяқталды. Opta Sports мәліметінше ойын кезінде бар болғаны 11 соққы жасалған. 

Эннер Валенсия дубль авторы атанды. Сонымен қатар Әлем чемпионатында алғашқы голды соққан ең егде футболшы болды (33 жас 16 күн).

Катар алаң иесі бола тұра алғашқы ойында-ақ ұтылып қалған алғашқы мемлекет атанған. 

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты Катар мемлекетінде өтіп жатыр. 20 қарашада әлем біріншілігінің ашылу салтанаты өтіп, жанкүйерлер алғашқы мачты тамашалады. 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 21 Қараша, 2022 09:21
Талқылау