Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футбол аңызына айналған Кафу Алматыда өтетін Metaratings Top Awards марапаттау рәсімінің арнайы қонағы болады

3 сәуір күні Алматыда өтетін Metaratings Top Awards салтанатты кешінде спорт және бизнес саласындағы алғашқы Ұлттық сыйлықтың жеңімпаздары марапатталады. Салтанатты шара аясында үздік спортшылар мен жаттықтырушылар, менеджерлер мен спорт ұйымдары, журналистер мен блогерлер, сондай-ақ спорт бизнесі мен букмекерлік кеңселердің өкілдері лайықты марапаттарға ие болады.

Metaratings Top Awards сыйлығының арнайы қонағы ретінле екі дүркін әлем чемпионы және Америка кубогының екі дүркін жеңімпазы, Чемпиондар лигасының, клубтар арасындағы әлем чемпионатының және басқа да көптеген кубоктардың жеңімпазы Кафу шақыртылды. Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы ФИФА нұсқасы бойынша тарихтағы үздік 100 ойыншының қатарына енді.

Еске салайық, Metaratings осыған дейін өз оқырмандары арасында кімдерді марапаттың арнайы қонағы ретінде көргісі келетіні туралы сауалнама жүргізген болатын. Үміткерлер қатарында Патрик Клюйверт, Диего Форлан, Фернандо Морьентес, Уэсли Снейдер, Димитар Бербатов, Давид Трезеге, Хуан Себастьян Верон және Кафу болды. "Милан" мен Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы сауалнамада бірінші орынды иеленіп, енді Қазақстанға ат басын бұрады.

Metaratings Top Awards номинанттарына дауыс беру веб-сайтта жалғасуда. Ең өзекті жаңалықтар басылымның Telegram арнасында.

Талқылау