Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Француз әншісі қазақтың "Дудар-ай" әнін нақышына келтіріп орындады (видео)

Алматыға арнайы шақыртумен келген француз әншісі Mr.Melvin қазақтың халық әні "Дудар-айды" жатқа орындап, жиылған қауымның жүрегін елжіретті. Бұл джаз әншісінің оңтүстік астанаға бірінші келуі емес. Өнерпаз бұған дейін де өнерімен бөлісу үшін Алматыға ат басын бұрған. 

Әнші 15 жылдығын атап өтіп жатқан "Француз альянсы" мәдени-білім орталағының шақыртуымен алматылықтарға өнерін паш етуге келген. Сән, аспаздық, сұлулық символы болып табылатын елдің мәдениеті Алматыда дәл осы ұйым арқылы таралуда. Әлемнің 150-ден астам елінде орналасқан ұйымды мерейтойымен құттықтауға арнайы Парижден аталған ұйымның бас офисінде жұмыс істейтін Лоранс Лалатон келді. Шара барысында аспаздық өнері дамыған әлемдегі ең мықты елдің түкпір-түкпірінің төл тағамдары дайындалып, қонақтарға ұсынылды. 

Талқылау