Францияда шпагатқа отырған Баян Мақсатқызы елді таңғалдырды
47 жастағы Баян Алагөзова тағы да шпагатқа отырып, елді таңғалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Танымал продюсер 6 жыл отасқан күйеуімен Еуропада саяхаттап жүр. Алдымен Италияның Милан қаласына сапарлаған Мақсатқызы артынан Монакода болып қайтты. Ал қазіргі уақытта Францияның Ницца қаласында демалуда.
Алагөзова Жерорта теңізі жағалауында шпагатқа отырған фотосын жариялады.
"Тәніңнің иілгіштігін жоғалтапайынша, ақылыңның орамдылығы да сенімен болады. Кім айтқанын білмеймін, бірақ керемет ой", - деп жазба қалдырды ол.
Көпшілік жасы 50-ге тақаған продюсердің дене иілгіштігіне таңғалды.
"Қазақстандық Волочкова", "Менің жасым 27-де. Бірақ менің денем, фигурам мен икемділігім мұндай емес", "Өте сұлу қыз", "Керемет сұлулық", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді