Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Франция соты Мұхтар Әблязовке сот отырысына келмегені үшін айыппұл салды

7 наурызда Францияның Экс-ан-Прованс қаласының апелляциялық соты қазақстандық олигарх Мұхтар Әблязовке сотқа келмегені үшін айыппұл салу туралы шешім шығарды. Сот Әблязовтың саяси қуғынға ұшырау туралы уәждерін келмеуінің себебі ретінде қабылдаудан бас тартты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл ақпарат "БТА банкінің" сайтында жарияланды.

Мұхтар Әблязов жауап алу үшін 2021 жылдың 15 және 16 маусымында Экс-ан-Прованс сотына келуі керек болған. Алайда сот отырысының алдында Әблязов адвокаты арқылы саяси қуғыннан қорқатынын алға тартып, француз сотының нұсқауын орындауға ниеті жоқ екенін мәлімдеген.

"Кейінірек БТА Әблязов сотқа келмегеніне байланысты оған айыппұл салу туралы өтініш берді. Апелляциялық сатыда сот Мұхтар Әблязовтің 2018 жылы да осындай шақыртумен келгенін анықтады. Сондай-ақ Әблязов алдымен Англияда, кейін Францияда босқын мәртебесінен айырылғандықтан, ол бұл мәртебесін сотқа келмеу үшін пайдалана алмады. Сонымен қоса тергеу судьясы Әблязовке сот бақылауы шарасын тағайындаған, бұл қатарға соттың өтініші бойынша келу де кіреді. Мұхтар Әблязов Экс-ан-Прованс қалалық сотының шақыртуына келмей, бұл шараны бұзып отыр", - делінген банк мәлімдемесінде.

7 наурызда Экс-ан-Прованс қаласының апелляциялық соты Мұхтар Әблязов соттың шақыртуын орындамады, соған байланысты айыппұл салу туралы шешім қабылдаған.



"БТА Банкі француз сотының әділ шешімін құптайды. Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластары сот процестеріне қатысудан бірнеше рет бас тартты және көптеген сот шешімдерін бұзды, соның ішінде АҚШ-та олар қылмыстық қудалауға және айыппұлдарға салынған", - деп қосты банк өкілдері.

Еске салайық, Қазақстанда Әблязов БТА банктен 7 миллиард долларға жуық ақша жымқырғаны үшін сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырылған, мұнымен қоса 2018 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

2012 жылдың ақпанында Англияның жоғарғы соты Мұхтар Әблязовті қамауға алу туралы шешім шығарған. Мемлекеттік мекеменің хабарлауынша, ол бірнеше рет жалған айғақ беріп, сотқа жалған құжаттарды ұсынған, олар арқылы активтері мен операциялары банктен жасырылған, сондай-ақ сот отырысына келмеген.

Әблязовқа Ресей мен Украина да қаржы жымқырды деген күдікпен іздеу жариялаған.

Өткен жылдың желтоқсанында Франция Әблязовке саяси баспана беруден бас тартты.

Талқылау