Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фотосы мен видеосын бейтаныс адамдарға жіберген: Оқу-ағарту министрлігі интернет арқылы таныстықтың жасөспірімдерге қаупі туралы айтты

Телефонға қарап отырған балаФото: freepik.com

Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Астанада өткен сараптамалық кездесуде балалар мен жасөспірімдер интернет-кеңістікте қандай қауіптерге тап болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде балалар саны 7 миллионға таяп қалғанын айтқан Насымжан Оспанова балалардың интернетті қолдану сауаттылығын арттыру маңызды екенін атап өтті.

ЮНИСЕФ-пен бірлесіп жүргізген зерттеу қорытындысы бойынша, балалардың 4,2%-ы 18 жастан асқан бейтаныс адамдармен бір немесе екі рет сөйлескені анықталған.

"Жалпы алғанда әр оныншы бала интернетте оларды ренжітетін, оларды және құрдастарын мазалайтын нәрселер бар дегенмен толық келіседі. Балалардың 11,1%-ы жеке суретін немесе бейнежазбасын жете танымайтын адамға жіберген, балалардың төрттен бірі – бұл да қорқынышты көрсеткіш – өздерінің жағымсыз оқиғалары туралы ешкімге айтпаған", – дейді балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы.

Он ұл баланың біреуі немесе сауалнамаға қатысқандардың 12%-ы интернет арқылы танысқан бейтаныс адаммен кездескенін айтса, ал қыздар арасында бұл көрсеткіш төмен, яғни 10%.

"Зерттеулер нәтижелері балалар айтарлықтай қауіп деңгейінде екенін көрсетеді", – деп түйіндеді сөзін спикер.

Аида Тақабаева
Сәрсенбі, 30 Шілде, 2025 16:50
Талқылау
`