Фотограф кедейлерді олардың армандарына сай образда түсірді (фото)
Сан-Францисколық фотограф Хорья Мэнолэйч үй-күйі жоқ адамдарға көмектескісі келіп, бір сәтке болса да армандарына қол жеткізгендей күйді бастан кешу үшін оларды қалағандай етіп киіндірді.
Фотограф жұмыстарын кітап етіп басып шығу үшін қаражат жинап жатыр, деп хабарлайды boredpanda.com.
«Мен кедейлердің жан дауасын әлемге естірткім келді. Оларды жертөледе, қонақүйде, ғимараттар мен көшелерде суретке түсірдім. Бұл жағынан маған әйелім көмектесіп, оларға макияж жасады. Мен тек қажетті орын тауып, суретке түсірдім», – дейді фотограф.
«Фрэнк бір кездері сарайда қызмет еткенімен есірткі пайдаланғанының салдарынан өмірі күрт өзгеріп шыға келген. Ол қазір құрылысшы, өте мейірімді жан», – дейді фотограф.
Макс – Вьетнам мен Персид шығанағы соғысының ардагері. Ол 43 жыл әскер қатарында болған. Үйіне қайтып оралған соң бәрінен көңілі қалып, көшеде түнейтін болған. Қазір ішімдік көп ішетіндіктен денсаулығында кінарат бар.
Хани күйеуінің қатаңдығынан үйінен қашып кеткен. Бұрын оның көлігі болған екен, алайда оны да полицейлер тартып алып қойыпты.
Билла өзі тұрған штаттан қашып кеткен. Оған жала жауып, ұстап бермек болған. Егер елден қашпаса, түрмеге түсуі мүмкін болған. Ол бұл суретті анасына көрсетуді сұрады.
Генри бұрын есірткі шегіп, маскүнем болған. Қазір газет таратып, кедейлерге көмектеседі.
Попс бұрын инженер болған. кейін есірткі шеккені үшін жұмысынан кеткен. 12 жыл бойы емханада жатып, емделгенімен есірткіге тәуелділігін қоя алмаған. Өкінішке қарай, ол қазір маскүнем санатында.