Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ForteBank тағы да Global Finance нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең үздік банк атанды

Global Finance журналы осымен төртінші жыл қатарынан ForteBank-ті "Қазақстанның ең үздік банкі" деп таныды. 

"Біз Global Finance басылымының еңбегімізге берген оң бағасы үшін алғысымызды білдіреміз. Төрт жыл бойы қатарынан бұл марапатқа ие болу - тиімді жұмысымыз бен дұрыс таңдалған стратегиямыздың айқын дәлелі. Пандемияға байланысты қалыптасқан нарықтағы қиын жағдайға қарамастан, ForteBank өз клиенттерін қолдауды жалғастырып, сапалы әрі инновациялық қызметтер ұсынады. Бүгінде банк еліміздегі өтімділігі жоғары және жақсы қаржыландырылған ұйымдардың бірі болып қала бермек. Мен Forte-нің әрбір қызметкеріне сапалы жұмысы мен қиын-қыстау кезеңде банктің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамын", - деді ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили марапаттар жайлы айта келе.

ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили

"Банктер әлем бойынша экономиканы қайта қалпына келтіруде шешуші рөл ойнайды. "Ең үздік банк" дәрежесімен марапаттағанда біз өсу қарқынын қайта қалыптастырып, алға қойған мақсаттарын айқындай алған көшбасшы ұйымдарға мән береміз. Жаһандық пандемия тудырған бұрын-соңды болмаған экономикалық жағдайларды ескере келе, биылғы көрсеткіштің марапат тарихынның 28 жылында берілгендермен салыстырғанда маңыздылығы мен құндылығы жоғары деп айтуға болады", - деді Global Finance редакциясының директоры мен баспагері Джозеф Д. Джиаррапуто.

Айта кетейік, 50 000 таралым мен 189 елдегі оқырманға ие Global Finance 1987 жылы құрылған. Global Finance оқырмандарынаа халықаралық компаниялар мен қаржы институттарының инвестиция, стратегиялық шешімдеріне жауапты қаржылық және корпоративті ұйымдардың басшылары кіреді. GFMag.com сайтында халықаралық қаржы нарығындағы 34 жылдық тәжірибенің нәтижесі болып табылатын сараптамалық материалдар мақалалар жарияланады. Global Finance-тің бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан, бұған қоса, бүкіл әлем бойынша орталықтары бар. Global Finance жыл сайын банктер мен басқа да қаржы ұйымдардың арасында жұмыс көрсеткіштері бойынша көшбасшыларды іріктейді. Басылымының бұл марапаты әлемдік қаржы қауымдастығы үшін сенімді сапа стандартына айналды. 

STAN.KZ
Жұма, 02 Сәуір, 2021 09:33
Талқылау