Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ForteBank Шымкентте шағын және орта бизнес жобаларын белсенді түрде қаржыландыруда

ForteBank Шымкентте шағын және орта бизнес жобаларын белсенді түрде қолдау көрсетуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“ForteBank өз стратегиясында шағын және орта бизнеспен жұмыс істеуге басымдылық береді. ШОБ мемлекетке салық төлейді, жұмыс орындарын ашады, сол арқылы экономиканы нығайтады. Дамыған Еуропа елдерінде ЖІӨ-нің негізі үлесі – ШОБ, бұл салада экономикалық белсенді халықтың 70-80% жұмыс істейді. Қазақстанда бұл көрсеткіштер әлдеқайда төмен, сондықтан мұнда кәсіпкерлердің болашағы зор. Біз осы саланы белсенді түрде дамытып, қазақстандық кәсіпкерлікке көмектесеміз”, - деді шымкенттік кәсіпкерлермен кездесуде ForteBank басқарма төрағасы Рейнис Рубенис.

Жергілікті кәсіпкерлер банкке сервистер мен қызметтерді цифрландыруға, ынтымақтастық шарттарына, өнімдерге қатысты өтініш-тілектерін айтты. Шымкентте ForteBank 300-ден астам заңды тұлғаны қаржыландырады, ал несие портфелі 43,5 млрд теңгені құрайды.

300 жылдық тарихы бар Шымкенттегі ең көне сауда орны – Орталық қырғы базарды қайта құруды қаржыландыру – банктің маңызды жобаларының бірі. Бүгінде сауда орталығын заманауи форматта қайта құру қолға алынып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Ғимараттың ауданы 80 760 шаршы метрге тең, жаңадан салынған базарда қоймалар мен фуд-корттар да ашылмақ. Сауда орындарының саны екі еселеніп, 4 мыңға жетеді. “Орталық қырғы базар” ЖШС құрылысты 2022 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. 

“Нұртау дистрибьюторлық компаниясы” ЖШС – банктің тағы бір клиенті. 6 жыл ішінде ұйым шағын дистрибьюторлық компаниядан жеңіл тағамдар, тәттілер, гигиеналық өнімдер мен тұрмыстық химия өнімдерін, жалпы алғанда 84 тауар түрін шығаратын ірі өндірушіге айналды. ForteBank компания үшін өндіріс, орау желілері мен жүк көліктерін сатып алуды қаржыландырды. Қазіргі таңда “Нұртау дистрибьюторлық компаниясы” ЖШС өндірістік қуатын кеңейтуді бастады, соның нәтижесінде кәсіпорындағы жұмыс орындарының саны 250-ден 500-ден астамға дейін артпақ.

“Шымкентте кәсіпкерлік белсенділік жоғары, қызмет көрсету саласы бойынша  қызығушылық тудырып жатқан өндіріс орындары мен кәсіпорындар да бар. Оңтүстік өңірде, жалпы Қазақстанның әр аймағында осындай компаниялардың көп болса екен дейміз. Ал біз өз тарапымыздан бизнесті құруға және дамытуға дайын кәсіпкерлерге өз тәжірибеміз бен қаржылық өнімдерімізді ұсынуға дайынбыз”, - деді ForteBank басшысы Рейнис Рубенис.
Талқылау