Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Forte және "Даму" қоры бизнесті қолдайды

Forte мен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры микро, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған бірлескен жеңілдетілген несиелеу “Өрлеу” бағдарламасын іске қосу туралы келісімге қол қойды.

Бағдарлама аясында түпкілікті қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі жылына 12,6%-дан аспайды (ЖТСМ 13,43%-дан 35%-ға дейін). Қаражатты инвестициялық мақсаттарға — 10 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыруға — 3 жылға дейін, сондай-ақ 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген қолданыстағы несиелерді қайта қаржыландыру үшін — қарыздың қалған мерзіміне дейін пайдалануға болады. Инвестициялық жобалар үшін ең жоғары қарыз сомасы – 7 миллиард теңге. Ал айналым қаражатын қаржыландыру үшін – 3,5 миллиард теңге.

Өтінім беру үшін Forte-нің ең жақын бөлімшесіне жолығу жеткілікті.

ҚНРДА № 1.2.29/197/36 лицензиясы 03.03.2020 жылдан "ForteBank"АҚ берілген.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 09 Шілде, 2025 14:00
Талқылау