Forte Bank маркетинг директоры Перизат Қайраттың қорына жарты миллион теңге аударған
Фото: 1.tribune.kz / 2.instagram.com/01pk
Астанада Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға қатысты өтіп жатқан сот процесінде Forte Bank акционерлік қоғамының маркетинг жөніндегі директоры Антон Ким куәлік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Антон Ким неліктен көктемгі су тасқыны кезінде дәл осы "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қорына қайырымдылық жасауды ұйғарғанын түсіндірді.
Оның айтуынша, қордың атауы оған 2020 жылы мемлекет пен Nur Otan (қазіргі Amanat) партиясының бастамасымен құрылған "Biz Birgemiz" қорын еске салған.
Куәгер Антон Кимнің айтуынша, ол 500 мың теңгені жеке Kaspi қосымшасы арқылы аударған. Қаражаттың кейін қалай жұмсалғанын бақыламаған, себебі қорға толық сенім артқанын айтты.
Премьер-министр Олжас Бектенов Перизат Қайратқа қатысты жағдайға пікір білдірді
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы Перизат Қайраттың сотында "Асар-Үме" қорының президенті Асхат Нұрмашев куәлік берді. Ол қордың 2023 жылы Палестина халқына гуманитарлық көмек ретінде Перизат басқаратын "BizBirgemiz Qazaqstan 2030" қорына 200 миллион теңге аударғанын растады. Ақша Газаға көмек ретінде жіберілгенімен, нақты есеп пен құжаттар ұсынылмаған. Перизат Қайрат тарапынан тек ауызша уәделер болған. Нұрмашев кейін бұл мәліметтердің жалған екенін түсінгенін айтты.