Назарбаевтың қыздары көш басында: Қазақстандағы ең бай әйелдердің тізімі жарияланды

Forbes Women Kazakhstan журналының сәуір айындағы санында Қазақстанның ең бай 25 әйелінің алғашқы рейтингі жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тізімге енген әйелдердің жалпы капиталы 8,1 млрд доллар деп бағаланған. Басылым бұл капиталдың көзі Қазақстанның ең бай 75 кәсіпкері тізімін қамтитын Forbes Kazakhstan рейтингінен түбегейлі өзгеше екенін атап өтті.
Басылымның бағалауы бойынша, тізімдегі әйелдердің байлығының 85–90%-ы отбасы немесе серіктестік активтерімен (мұрагерлік, неке немесе ірі бизнес-топтарға үлескерлікпен) байланысты. Сонымен қатар басылымының мәліметінше, әйелдер тек үлес иелері ғана емес, сонымен қатар белсенді басшылар ретінде де жиі әрекет етіп, бизнестің жаңа бағыттарын дамытып келеді.
ОқыңызБірінші орынға Динара Құлыбаева жайғасты, оның байлығы 5,4 миллиард доллар деп бағаланған. Құлыбаева сондай-ақ Forbes халықаралық миллиардерлер тізіміне енген. Ол Halyk Bank-тегі үлесі арқылы банктік сектордағы негізгі активтерді, сондай-ақ коммерциялық жылжымайтын мүліктерді басқарады.
Forbes.kz нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай әйелдерінің тізіміне Динара Құлыбаевамен қатар төмендегі есімдер кірді:
- 2. Мұқадасхан Ибрагимова– 650 миллион доллар. Тау-кен және қаржы саласы. ERG акционері, Әлішер Ибрагимовтың әйелі .
- 3. Дариға Назарбаева – 550 миллион доллар. Медиа активтері. Бірнеше медиакомпанияға ие, Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы.
- 4. Анжела Сәрсенова – 249 миллион доллар. Жанармай саудасы және жылжымайтын мүлік. Helios АЗС желісін басқарады, Рашит Сәрсеновтың жұбайы.
- 5. Aйжан Есім – 207 миллион доллар. Өнеркәсіп және инвестициялар. "Қазфосфатты" сату арқылы капиталдың елеулі бөлігін алды, Ахметжан Есімовтің қызы.
- 6. Айдан Сүлейменова – 175 миллион доллар. Keruen сауда орталықтарына ие және Viled тобына мүше, Төлейұтай Сүлейменовтің қызы және кәсіпкер Данияр Абулғазиннің жұбайы.
- 7. Қаншайым және Жанна Сейтжанова – 84 миллион доллар. Мұнай, құрылыс және өнеркәсіп. Серікжан Сейтжановтың жұбайы және қызы.
- 8. Алена Сүлейменова – 73 миллион доллар. Люкс ритейл және жылжымайтын мүлік. Viled серіктесі, Диас Сүлейменовтің жұбайы.
- 9. Гаухар Қаппарова – 65 миллион доллар. Мұнай және білім. Lancaster Group-пен байланысы бар, Нұрлан Қаппарованың жұбайы.
- 10. Гүлнар Досаева – 61 миллион доллар. Мұнай және ритейл. Lancaster Group-пен байланысы бар, Ерболат Досаевтың жұбайы.
- 11. Раушан Сағдиева – 57 миллион доллар. Жылжымайтын мүлік және ритейл. Құлыбаевтар бизнес тобының серіктесі.
- 12. Ирина Козлова және Александра Соколова – 52 миллион доллар. Қаржы саласы. BIRINSHI ломбардтар желісіне иелік етеді.
- 13. Любовь Дружинина – 50 миллион доллар. Тамақ өнеркәсібі. Сүт өнімдерін өндіреді.
- 14. Сәуле Сейсембаева – 48 миллион доллар. Агробизнес және білім. "Алель Агро" акционері, Марғұлан Сейсембаевтың жұбайы.
- 15. Элеонора Баталова – 44 миллион доллар. Баспа бизнесі. "Алматыкітап" баспасының иесі.
- 16. Карина Сәрсенова – 42 миллион доллар. Медиа, құрылыс және білім. Отбасылық бизнестің өкілі, Рашит Сәрсеновтің қызы.
- 17. Әлия Маханова – 39 миллион доллар. Қаржы. Ломбардтар мен зергерлік дүкендер желісін басқарады.
- 18. Наталья Акентьева – 36 миллион доллар. Банк саласы. Bank RBK басқарма төрайымы және акционері.
- 19. Сәуле Зейнолла – 35 миллон доллар. Өнеркәсіптік дистрибуция. Химиялық реагенттер жеткізумен айналысады.
- 20. Амина Қасымова – 34 миллион доллар. Сақтандыру компанияларының акционері.
- 21. Сандуғаш Кемелбаева – 34 миллион доллар. Жылжымайтын мүлік және девелопмент. Алматыдағы коммерциялық нысандарға ие.
- 22. Галина Зкрияева – 33 миллион доллар. Ритейл және мейрамхана бизнесі. Jeti Aspan холдингінің негізін қалаушы.
- 23. Амина Ажмағанбетова – 31 миллион доллар. Өнеркәсіп. Аккумулятор өндіру.
- 24. Гаухар Абықаева – 30 миллион доллар. Зергерлік ритейл. Sansi Jewelry желісін негізін қалаушы. Бұрынғы ҰҚК басшысы және Назарбаевтың серіктесі Нұртай Абықаевтың келіні.
- 25. Жанна Кан – 28 миллион доллар. Сәне және зергерлік ритейл. Zhanna Kan Group негізін қалаушы.