Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Флойд Мэйвезер Геннадий Головкинге жаңа лақап ат қойды

Америкалық боксшы Кіші-Флойд Мэйвезер қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туралы пікір білдірді.

54c77c65-b790-4f64-b948-c4550e5fae4f

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

“Дәл қазіргі сәтте мені шаршы алаңға шығара алатын жалғыз ғана спортшы бар, ол – Конор Макгрегор. Мен әлі күнге боксшы болып қала берем. Головкин менімен 154 фунтта бокстасқысы келетінін айтты. Мен әзірге бұл туралы айтқым келмейді. Головкин – Triple L, өйткені ол менен үш рет ұтылады”, – деді боксшы.

Ал Головкиннің бапкері Абель Санчес болса, өткен жекпе-жекке байланысты интернет қолданушылардың сыны негізсіз екенін айтты.

“Өткен сенбіде үш төреші де Головкиннің пайдасына шешті. Басқалардың не айтып жатқаны мені қызықтырмайды. Олардың айтқаны төрешілердің шешімін өзгерте алмайды, сол себепті еш мәні жоқ. Тарихқа жекпе-жектің қалай өткені кіреді, ал кімнің не дегені маңызды емес”, – деді Санчес.

Ал Головкиннің кезекті жекпе-жегі жуырда ғана өткен болатын. 19-ыншы наурызда жерлесіміз Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен күш сынасты. Сөйтіп, қазылардың шешімімен қазақстандық боксшы тағы да жеңіске жетті. Десе де, бұл жолы жекпе-жек тым ұзаққа созылды. Бұл Головкиннің кәсіпқой бокстағы 12-інші раундқа дейін созылған алғашқы жекпе-жегі болатын.

Қазақстандықтың келесі жекпе-жегі британиялық Сондерске қарсы өткізілуі мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Кәсіпқой бокста тұңғыш рет өнер көрсеткен қазақ баласы қарсыласын нокаутпен ұтты

Елбасы Қанат Исламды ЭКСПО кезінде Астанада бокс өткізуге шақырған (видео)

Қанат Ислам бразилиялық боксшыны алғашқы раундта нокаутқа жіберді

Түрік боксшысы Головкиннің бүкіл тісін қағып алатынын мәлімдеді

Талқылау