Финляндия Ресеймен арадағы шекараға қоршау салмақ
9 маусымда Финляндия ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Ресеймен шекарада қоршау салуды жоспарлап отырғанын айтты. Олар мұны елдің қауіпсіздігін нығайту үшін жасамақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қауіпсіздікті жақсарту үшін Финляндия үкіметі шекара қызметі туралы заңға түзету енгізуді жоспарлап отыр. Шығыс шекарадағы маңызды аймақтарда қоршаулар жасағысы келеді.
"Қазір Финляндия шекарасы тыныш. Алайда барлық басқа тәртіпсіздіктерге дайындық жүріп жатыр. Көктемнің басында бізге шекаралық бақылау үшін қосымша қаржы бөлінді. Шекарашылар санын көбейтіп, жаңа барлау ұшақтарын алдық", - деді мемлекеттік министр Криста Микконен.
Финляндия сыртқы істер министрлігі осылайша ел гибридті сипаттағы қауіптермен күресуге дайын болады деп мәлімдеді. Министрлік мұның саяси қысым көрсету үшін көші-қон мәселесін пайдалану арқылы жүзеге асырылатынын баса айтты.
Заңға өзгертулер енгізілгеннен кейін мигранттар орталықтан және арнайы пункттерде қабылданады.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
