Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Финляндия ресейліктер үшін шекараны жапты

Финляндия ЕуроОдақ елдерінің арасынан соңғы болып 30 қыркүйекте Ресеймен шекарасын жабуға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

финляндия

Финляндия үкіметі ресейлік туристердің Финляндияға кіруін шектеу туралы қаулы шығарды. Қаулы 2022 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.

Шектеу Шенген шекара кодексінің 6 (1) (e) бабына негізделген. Заңға сәйкес, өзге ел азаматтарының кіруі мемлекеттік саясатқа, ішкі қауіпсіздікке, халықтың денсаулығына немесе  мемлекеттердің халықаралық қатынастарына қауіп ретінде қарастырылмауын талап етеді.

Шенген заңнамасы Еуроодаққа мүше елдерге халықаралық қатынастар мен қауіпсіздікке қатысты шешімдер қабылдау кезінде өз бетінше әрекет ету еркіндігін береді.

Үкімет Ресейдің мобилизациясы және Финляндияға келетіндер, Финляндия арқылы өтетін туристердің көп болуы Финляндияның халықаралық жағдайы мен қатынастарына қауіп төндіреді деп санайды.

Естеріңізге салайық, осыған дейін Финляндияда ресейліктер үшін шекараны жабу туралы ұсынылғаны жарияланған еді.

Талқылау