Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Филиппинде балықшы $100 миллионның маржанын бағасын білмей 10 жыл сақтаған

Филиппинде  балықшы тауып алған маржанның бағасын білмегендіктен, оны он жыл бойы кереуетінің астында ұстаған. Теңіз маржанының салмағы 34 келі. Оны қазір зергерлер  100 миллион АҚШ долларына бағалаған. Балықшы  маржанның бағасы қымбат боларын білгенімен мұншалықты деп ойламаған,-деп жазды ABS CBN

маржан

Балықшы  ұлу қабыршағын 2006 жылы тауып алған. Оны үйіне әкеліп кереуетінің астына тығып, сақтап қояды. Қабыршақ шын мәнінде теңіз маржаны болып шықты.

маржан1

Балықшы бұл тасты әдейі тығып қойып, кейіннен көпшілікке көрсетуді де жоспарламаған. Оның үйі өртенген кезде танысына маржанды көрсетеді. Ол өз кезегінде мұның айтарлықтай қаржы тұратынын түсіндірген.

Балықшының маржанын зергерлер 100 миллион долларға бағалағанымен Филиппин билігі оны сатуға ниетті емес. Саяхатшылар тамашалайтын орынға қойып қоймақшы.

 

Талқылау